Ресей Үкіметінің төрағасы М.В.Мишустиннің Қазақстан Республикасы күнімен құттықтауы
Бейресми аударма
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІ
ЖОҒАРЫ МӘРТЕБЕЛІ
ОЛЖАС АБАЙҰЛЫ БЕКТЕНОВКЕ
Құрметті Олжас Абайұлы,
Ресей Федерациясы Үкіметінің және өз атымнан Сізді Қазақстан Республикасының ұлттық мерекесі – Республика күнімен құттықтаймын.
Достас Қазақстан әлеуметтік-экономикалық дамудың ауқымды міндеттерін шешуде және азаматтардың әл-ауқатын арттыруда үлкен жетістіктерге жетті.
Достық, стратегиялық әріптестік және одақтастық қағидаттарына негізделген Ресей-Қазақстан қатынастары үдемелі түрде нығайып келеді. Сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастық артуда, энергетика, өнеркәсіп, ғылым, білім беру, мәдениет және басқа да салаларда ірі бірлескен жобалар іске асырылуда.
Еуразиялық экономикалық одақ аясындағы интеграцияны тереңдету бойынша қазақстандық әріптестермен белсенді жұмыс істеуге дайын екенімді растаймын.
Құрметті Олжас Абайұлы, Сізге зор денсаулық, амандық және жауапты қызметіңізде жаңа табыстар тілеймін. Достас Қазақстан халқына бақыт пен өркендеу тілеймін.
Құрметпен,
М.МИШУСТИН