Ресей Федерациясының Қазақстан Республикасындағы Елшілігі
Тел.: +7 (7172) 44-08-06, +7 (7172) 44-07-96, +7 (7172) 44-07-95
/9:00 - 19:00

РЕСЕЙ ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ТӨТЕНШЕ ЖӘНЕ ӨКІЛЕТТІ ЕЛШІСІ

АЛЕКСЕЙ НИКОЛАЕВИЧ БОРОДАВКИН

Ресей Федерациясы Президентінің 2018 жылғы 7 ақпандағы №57 Жарлығымен Ресей Федерациясының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі болып тағайындалды.

1950 жылы Мәскеуде дүниеге келген.

1973 жылы Мәскеу мемлекеттік Халықаралық қатынастар институтын бітірген. Ағылшын және қытай тілдерін меңгерген.

2004 жылы қыркүйектен Төтенше және Өкілетті Елші дипломаттық дәрежесіне ие.

Дипломатиялық қызметін 1975 жылы бастады. Ресей Сыртқы істер министрлігінің орталық аппаратында және шетелде әртүрлі лауазымдарда жұмыс істеді. 

1999 жылдан 2002 жылға дейін – ТМД-ның Төртінші департаментінің директоры. 

2002 жылдан 2004 жылға дейін Ресейдің Словакиядағы Елшісі. 

2004 жылдан 2008 жылға дейін – Вена қаласындағы ЕҚЫҰ жанындағы Ресейдің тұрақты өкілі (Австрия). 

2008 жылдан 2011 жылға дейін – Ресей Сыртқы істер министрінің орынбасары. 

2011 жылдан 2018 жылға дейін – Женева қаласындағы БҰҰ бөлімшесі мен басқа да халықаралық ұйымдар жанындағы Ресейдің тұрақты өкілі, сондай-ақ БҰҰ-ның Қарусыздану жөніндегі конференциясында Ресейдің Тұрақты өкілі және БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі кеңесінде Ресей делегациясының басшысы (Швейцария).

III, IV дәрежелі «Отанға сіңірген еңбегі үшін» орденімен, Құрмет орденімен, Достық орденімен, Ресей Федерациясы Президентінің Құрмет грамотасымен, Ресей Федерациясы Президентінің алғыстарымен марапатталған.

Үйленген, үш ұлы, бес немересі бар.

Хобби: спорт, музыка, кітаптар.