Ресей Федерациясының Қазақстан Республикасындағы Елшілігі
Тел.: +7 (7172) 44-08-06, +7 (7172) 44-07-96, +7 (7172) 44-07-95
/9:00 - 19:00

Екіжақты қарым-қатынастар


1992 жылғы 22 қазанда Ресей Федерациясы мен Қазақстан Республикасы арасында дипломатиялық қатынастар орнатылды. 

Екіжақты одақтастық және интеграциялық байланыстар берік шарттық-құқықтық базаға негізделеді (400-ден астам шарттар мен келісімдерге қол қойылды). Негізгі құжаттар: Достық, ынтымақтастық және өзара көмек туралы Шарт (1992), ХХІ ғасырға бағдарланған Мәңгілік достық пен одақтастық туралы Декларация (1998) және ХХІ ғасырдағы тату көршілік және одақтастық туралы Шарт (2013).

Екіжақты саяси диалог бай және көп деңгейлі сипатқа ие. 2023 жылғы қарашадағы жағдай бойынша Қазақстан Республикасы Президенті Ресейде 3 рет болды. Сонымен бірге Мемлекет пен үкімет басшылары деңгейінде 11 кездесу өтті. Қ.К.Тоқаев 2023 жылғы 8-9 мамырда Мәскеу мен Ржевте Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 78 жылдығына орай салтанатты іс-шараларға қатысты. 2023 жылғы 9 қарашада Ресей Федерациясының Президенті В.В.Путин Қазақстан Республикасына ресми сапармен келді. Президенттер Ресей мен Қазақстанның XIX Өңіраралық ынтымақтастық форумының пленарлық отырысына қатысты.

Парламенттік бағыттағы екіжақты ынтымақтастық белсенді дамып келеді. 2023 жылғы 19 наурызда Е.Ж.Қошанов Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Төрағасы болып сайланды. Осыған байланысты Ресей Федерациясы Федералды Жиналысы Мемлекеттік Думасының Төрағасы В.В.Володин оның атына құттықтау жолдады. Парламентаралық және Палатааралық ынтымақтастық жөніндегі комиссиялардың отырыстары, халықаралық ынтымақтастық жөніндегі парламенттік комитеттердің кездесулері ұдайы өткізіліп тұрады. ТМД Парламентаралық Ассамблеясы және ҰҚШҰ Парламенттік Ассамблеясы деңгейінде жұмыстар жалғасуда. Саяси партиялар мен қоғамдық ұйымдар арасында тығыз байланыс бар.

Астанада Ресей Федерациясының Қазақстан Республикасындағы Елшілігі жұмыс істейді. Қазақстан Республикасының Алматы, Өскемен және Орал қалаларында Ресей Федерациясының Бас консулдықтары бар. Ақтау қаласында Ресей Федерациясының Бас консулдығын ашу жоспарлануда.

Сондай ақ Астанада Татарстан Республикасының Қазақстан Республикасындағы Өкілетті өкілдігі және Ресей Федерациясының Қазақстан Республикасындағы Сауда өкілдігі жанындағы Башқұртстан Республикасының өкілдігі жұмыс істейді.

Мәскеуде Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Елшілігі жұмыс істейді. Ресей Федерациясының Санкт-Петербург, Қазан, Екатеринбург, Омбы және Астрахань қалаларында Қазақстан Республикасының Бас консулдықтары бар.